Қызылордада жалған бұйрық шығарумен айналысқан мектеп директоры сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда қаласының прокуратурасы қызметтік жалған әрекет жасау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Прокуратурадан хабарлағандай, білім беру ұйымдары азаматтарды мұғалім ретінде жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтар шығарып, еңбек кітапшаларына мәліметтер енгізген.

«Педагог ретінде конкурссыз жұмысқа орналасуға жағдай жасалған»,- делінген хабарламада.

Қала прокуратурасымен 2 мектеп директорына қатысты қызметтік жалғандық жасау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 369-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының №2 сотымен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Алматыда өткен сайысқа 78 жоба ұсынылды

Новости партнеров