Осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды
Маңғыстау облысында білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалған екендігі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Прокуратураның мәліметінше, Ә. есімді педагог 2024 жылдың наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) "Арнайы педагогика" мамандығы "логопед-дефектолог" біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдаланып, мектепке педагог-психолог болып қызметке тұрған.
Осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.
"Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматы жастары: тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау қашан басталады