Мемлекет басшысы Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге елдің солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 22 сәуірде Пахалгамда (Оңтүстік Кашмир) содырлардың шабуылынан 20-дан астам турист қаза тауып, 10-ы жараланған болатын.

Оқи отырыңыз: Үндістандағы атыста қаза тапқандар саны 26-ға жетті

Новости партнеров