Коммуналдық мекеме қарызын өтемей жүргендерге қатаң шара қолдануға мәжбүр

Олардың қатарында пәтер иелерінен бөлек, заңды тұлғалар да бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтардың коммуналдық қызметке 700 миллион теңгеге жуық берешегі бар. Олардың қатарында пәтер иелерінен бөлек, заңды тұлғалар да бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Мәселен, қаладағы бір банкет залының берешегі 1 миллион теңгеден асып кеткен. Жауапты мекеме қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізіп, қарызын өтемей жүргендерге қатаң шара қолдануға мәжбүр.

"Бұған дейін бірнеше рет ескерту жіберілгендіктен, өшіріп жатырмыз. Суға 1 млн 456 мың теңге, ал кәріз құбыры үшін 501 мың теңге қарыз. Осы уақытқа дейін 3 рет ескерту жасалды төлеңіз деп. Жазда бір рет қана төледі 250 мың теңге. Қалғанын әне-міне деп төлеген жоқ. Уже 1 жыл болды қарызы барына", – деді  «Алматы су» МКК инженері Нұрсұлтан Сатыбалдиев.      

Жыл басынан бері коммуналдық мекеме сотқа 10 мыңға жуық шағым түсірген. Егер тұтынушылар қаржылық қиындықтарға тап болса, алдын ала кепілдік қағазымен төлеу мерзіміне қатысты жеңілдіктер алуға болады. Алайда бұл мүмкіндікті барлығы бірдей пайдалана бермейді екен, ескертулерді елеусіз қалдыратын көрінеді. Мамандар «мұның соңы коммуналдық қызметтерді өшіруге алып келеді» дейді.

"Ешқандай ескертулер жауапсыз қалса, суды өшіреміз немесе арнайы сотқа шағымданамыз. Тұтынушылар 700 миллион теңге төлемеген. Соның ішінде 400 миллион теңге – заңды тұлғалар, 300 миллион теңге – көпқабатты және жеке меншік үйлерде тұратын тұрғындардың қарызы", – деді  «Алматы Су» МКК департамент директоры Серік Шағыров.

Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісін ерте анықтайтын стансалар көбейеді

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров