Үйсіз қалдым: Қайрат Нұртастың әйелі кіммен соттасып жатқанын айтты

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясының үстінен арыз жазған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясын сотқа берді. Бұл туралы Instagram парақшасында жазған ол қалай алаяқтықтың құрбаны болғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әншінің жары өзіне екі қабатты үй салып бермек болғанымен, уәдесінде тұрмаған құрылыс компаниясының өкілдері өзін қалай алдап кеткенін айтып берді.

Ол 2021 жылы жаңа пәтер алғанын, алайда балаларының өтінішімен жер үйге көшкісі келгенін айтады.

«Сол жылы балаларым «Анашым, жер үйге көшейікші, өзіміздің ауламыз болса, бақшасына жемістер егейік» деп сұрады. Бұл ой маған да ұнады. Сол сәттен бастап, үй іздеуге кірістім. Өз пәтерімді сатуға шығарып, тез арада көшкім келді. Бар ойым үйімді сатып, жер үй салу немесе сатып алу болды», - дейді Ж. Әбдікәрімова.

Осылайша, ол Астанадағы коттедж салатын бірнеше компанияға барғанын, сол кезде бір құрылыс компаниясының негізін қалаған Диляра есімді келіншекпен танысқанын баяндайды.

«Ол маған мынадай ұсыныс айтты. «Сен сатуға қойған пәтеріңді менің інім Диардың атына жазып бересің. Біз саған қалашықтан 1 жылда екі қабатты жер үй салып береміз. Ал оған дейін сен пәтер жалдап тұрарсың» деді. Мен келісе кеттім. Ойымдағы үйдің табылғанына қуанғаным да рас.

Содан күтумен арада 2 жыл өтеді. Мен пәтерден-пәтерге көшіп шаршадым. Жалдап тұру балаларымның да ашуына тие бастады. 2024 жылдың көктемінде менің үйімнің жақын арада бітпейтінін түсініп, Диляраның алдына бардым. Бұдан артық күте алмайтынымды жеткізіп, өз үйімді қайтарып беруін сұрадым. Сол кезде ол менің пәтерімді банкке кепілдікке (залогқа) тіккенін естіртіп, ол үйде тағы бір інісі Әбілхан отбасымен тұрып жатқанын, қайтарып бермейтінін айтты», - дейді әншінің жары.

Оның айтуынша, сенім білдіргендіктен келісімшартқа қол қойған. Ол коттедждің кілтін 2022 жылдың жазында алуы керек болған. Алайда тиісті мерзім өткенде үйдің әлі салынып жатқаны, жер телімі «Аграрлық несие корпорациясына» кепілге қойылғаны белгілі болады. Жер теліміне ЖШС қарызы үшін ондаған бұғат қойылған болып шықты.

Осыған байланысты Ж. Әбдікәрімова 2024 жылы полицияға хабарласқан. Алайда оның арызы қанағаттандырусыз қалып, бірінші сатыдағы сот құрылыс компаниясын жақтап шыққан.

«Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде құқығым тапталып, алданып жатқаным туралы полицияға шағым түсірдім. Алайда олар іс қозғамады. Заң бойынша аудандық сотқа шағымдандым. Сот шешімі менің пайдама шешілмегендіктен, қалалық соттың апелляциялық алқасына шағым түсіруге мәжбүр болдым», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ол сот шешіміне қатысты алаяқтық фактілері бойынша полицияға бірнеше рет жүгінгеннен кейін қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Жұлдыздың айтуынша, жалғыз ол ғана емес, тағы 6 адам алданып қалған.

Оқи отырыңыз: Белгілі әннің авторы Айқын Төлепбергенді сотқа беретінін мәлімдеді

Новости партнеров