Мүгедек жасөспірімге қызмет көрсетпеген әуе компаниясы жазаланды

Artur Tumasjan/unsplash.com/
Artur Tumasjan/unsplash.com/

Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас көлік прокуратурасы хабарлауынша, әуе компаниясы кәмелет жасына толмаған жасөспірімге уақтылы қызмет көрсетпеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2024 жылдың 3 қарашасында Санкт-Петербург-Астана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген. Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды", — делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қызметті уақтылы көрсетпеуге әуе компаниясы қызметкерлерінің мүгедек арбасының қажеттігі туралы қате хабарламасы себеп болған. 
Осылайша Астана авиациялық көлік прокуратурасы ерекше қажеттігі бар жолаушы құқығының бұзылғанын анықтады.

"Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі)", — дейді Бас көлік прокуратурадан.

Оқи отырыңыз: Қасиетті Рамазан айына 30 күн қалды

Новости партнеров