Жиналған жұрт жас домбырашылардың өнеріне жоғары баға берді
Наурыз мейрамының онкүндігі аясында Алматыда ұлттық өнерді ұлықтаған тағы бір мәдени іс-шара өтті. «Даму бала» бағдарламасы аясында домбыра үйірмесіне қатысатын 200 бүлдіршін бір мезетте күмбірлете күй төгіп, көрерменге рухани азық сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиналған жұрт жас домбырашылардың өнеріне жоғары баға берді. «Нағыз қазақ – домбыра» деп аталған флешмоб ұлттық мұрамызды дәріптеп қана қоймай, жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталған.
«Жылдан жылға домбыраға қатысатын балалардың саны өте көп. Барлық балаға тең дәрежеде білім беруге тырысамын. Кей кездері қулыққа да баруға тура келеді. Себебі әр баланың тңлңн таба білу керек», – деді домбыра мектебінің ұстазы Мадияр Уәлиев.
Оқи отырыңыз: Жасың құтты болсын: Алматы облысында бүлдіршіндер амал күнін атап өтті