Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Lukáš Lehotský / Unsplash
Lukáš Lehotský / Unsplash

Президент газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстанда толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін». Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді. Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін», - деді Президент.

Ол бұл міндеттің айрықша маңызды екенін ескеру керек екенін айтты.

«Мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қала мен көше атауларынан халқымыздың төл тарихы көрініс табуы қажет - Тоқаев

Новости партнеров