Наурыз мейрамы: оқушылар сиқырлы әлемге енді

Almaty.tv
Almaty.tv

Қойылым барысында балалар қазақтың ұлттық құндылықтарымен танысып, көне дәстүрлерге қанықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде Наурыз мейрамына орай танымдық ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған мерекелік кештің басты ерекшелігі – қуыршақтар театрының қойылымы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әртістер мейрамның шығу тарихын ертегі жанрында сахналап, оқушыларды сиқырлы әлемге жетеледі. Қойылым барысында балалар қазақтың ұлттық құндылықтарымен танысып, көне дәстүрлерге қанықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілмек.

 «Наурыз мейрамында Алматыдағы қуыршақ театрын шақырамыз. Балалар соны жақсы көреді. Әртістердің көрсеткен өнерін пайдалана отырып, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін балаларға таныстыру – мақсатымыз», – деді жекеменшік мектептің директоры Салтанат Омарова.

Оқи отырыңыз: Наурыз қарсаңында Алматыда эко-фестиваль өтеді

Новости партнеров