Оралда ер адам өз пәтеріне 100-ге жуық адамды тіркеген

Romain Dancre/unsplash.com
Romain Dancre/unsplash.com

Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шара қолданып, айыппұл салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орал қаласында ер адам өз пәтеріне 95 адамды тіркеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде онда нақты тұрмайтын 95 адамның тіркелгені белгілі болды.

"Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шара қолданып, айыппұл салынды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір дерек үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Сонымен қатар бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады. Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар кодекстің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған", - деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Арзан өнімді алмайды: Маңғыстауда көкөніс қымбатшылығын кәсіпкерлер қолдан жасап отыр ма

 

Новости партнеров