Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипаждары жетті
Оралда полицейлер тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
25 сәуір түнгі уақытта полицияға Кердері көшесінде әйел адамның көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан секірмек болғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипаждары жетті. Полиция қызметкерлері жағдайды жедел бағалап, кәсіби әрі үйлесімді әрекет етті.
«Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, әйелмен байланыс орнатып, оның назарын басқа жаққа аударды. Ал полиция капитаны Берік Сиязбаев, полиция лейтенанты Фархат Ғалиев және полиция аға лейтенанты Мирас Каримуллин үшінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы төртінші қабатқа өтіп, әйелді дер кезінде ұстап үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды», - делінген хабарламада.
Полицейлердің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында әйел аман қалды.
Оқи отырыңыз: Пойызбен соқтығысқан: Есіл-Арқалық өткелінде тракторшы қаза болды