Өскеменде көлік жуушы бастығының көлігін сатып жіберген

Zulfahmi Khani / Unsplash
Zulfahmi Khani / Unsplash

Автожуу жұмысшысына қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскеменде көлік жуатын орында істейтін азамат бастығының көлігін сатып жіберген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

Әу баста басшысы оған сенім артып, көлікке қызығушылық танытып қоңырау шалған азаматтарға жауап беріп отыруды тапсырған.

Көлік жуатын орынның иесі жол апатына ұшыраған көлігін интернет арқылы сатуға қойыпты. Көлікке қызығушылық танытып хабарласқан адам жаңағы жұмысшыға хабарласқан.

– Жеңіл ақша табуды көздеген айыпталушы Самар ауданынан хабарласқан адамға көлікті 350 мың теңгеге сатып жіберді. Бұны біліп қойған көлік иесінің арызынан соң автожуу жұмысшысына қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған, – делінген ШҚО соты баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратында.

Сот шешімімен сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Оқи отырыңыз: Алматы облысында мешіт маңынан жас жігіттің денесі табылды

Новости партнеров