Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Оларға қатысты қамауға алу шарасы таңдалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қолдауымен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен құралған қылмыстық топтың іс әрекетін тоқтатты.

«Бұл топ ірі көлемде ақша қаражатын иемденуге мақсатында жәбірленушіні оның автокөлігінде күш қолдану арқылы ұстады. Адам ұрлау және бопсалау фактілері бойынша материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 125 және 194-баптары бойынша материалдар прокуратураның СТБТ-де тіркелді, алдын ала тергеу арнайы прокурорлармен жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Күдіктілер ұсталды, оларға қатысты сотпен қамауға алу шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа қылмыстық әрекеттерін анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіленді - ІІМ

Новости партнеров