Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады
Павлодар облысының Полиция департаменті былтыр қарашада Павлодардағы банктен аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен Ресей аумағында ұсталғандар туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция мәліметінше, ұсталғандардың барлығы Ресей азаматтары және оларға қатысты Қазақстан сотының шешімімен қамауға алу санкциясы берілген.
"Қазақстан ІІМ мен ресейлік әріптестер бірлесіп, халықаралық келісімдер аясында жедел-тергеу тобын құрды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Павлодардағы банкті тонауға қатысы бар Ресейдің бес азаматына іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Оқи отырыңыз: Өскеменде көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды