Петропавлда 28 көшеге жаңа атау беріледі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

СҚО-да идеологиялық тұрғыдан ескірген 347 атау бар 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлдағы Бірлік шағын ауданы былтыр бой көтерді. Онда тасқын судан зардап шеккендерге баспаналар салынған болатын. 

Биыл енді ондағы жаңа көшелерге атау беріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Петропавлда былтыр жаңа аудан пайда болғанымен, ондағы көшелердің атауы жоқ. Бұл олқылық биыл түзетілмек. Жақын арада 28 көшеге атау беріледі.

«Жол картасы аясында Бірлік шағын ауданындағы 28 жаңа көшеге атау беру бойынша ономастикалық жұмыстар жүргізіледі. «Көше атаулары «Дәстүрлі атаулар» және «Жер-су атаулары» тізімдерінен ұсынылады. Бұл атауларды республикалық ономастикалық комиссия бекіткен. Жаңа көшелерге атау беру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», – деп хабарлады СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы QМ редакциясының арнайы сұрауына.

Ал елді мекендердің атауын өзгерту әзірге кейінге қалдырылды. Бұған дейін СҚО-да да идеологиялық тұрғыдан ескірген 347 атау бар екені хабарланған болатын. Олардың қатарында 33 ауыл, 14 ауылдық округ және 300 көше атауы бар. Сондай-ақ ақпан айының басында өткен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі 

басқармасының алқа отырысында өңірдегі төрт мектепке танымал тұлғалардың есімін беру мүмкіндігі талқыланды. 

Бұл ұсыныстар облыстық ономастикалық комиссияға жолданған.

Жалпы, республикалық тізімге 697 тұлға енгізілген, олардың 39-ы – солтүстік қазақстандық. 

Бұл есімдер ономастикалық жұмыстар кезінде қолдануға ұсынылған.

Барлығы ономастикалық комиссияның қарауына тоғыз ұсыныс енгізілді. 

Оның төртеуі елдімекендердің атауын өзгертуге қатысты.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында өгей әке үстелді жинамағаны үшін баланы соққыға жыққан

Новости партнеров