Петропавлда әскери қызметкер өзіне қол жұмсап көз жұмды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Оқиға орнынан кіші сержанттың жазып кеткен хаты табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде тағы бір әскери қызметкер өзіне қол жұмсап көз жұмды. Бұл жолы қайғылы оқиға Петропавл қаласында тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Qazaqstan Media жазуынша, қайғылы оқиға қыркүйектің 20-сынан 21-іне қараған түні болған.

«1991 жылы туған жігіт облыстық қорғаныс департаментінде қызмет еткен. Алдын ала болжам бойынша кіші сержант асылып қалған», - делінген хабарламада.

Liter.kz жазуынша, Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметі 21 қыркүйекте Петропавл қаласындағы үйлердің бірінің жертөлесінен қорғаныс істері басқармасында келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің мәйіті табылғанын хабарлады.

«Қайғылы оқиға қызметтен тыс уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал себебінен суицид жасаған. Оқиға орнынан өзіне қол жұмсар алдында жазып кеткен хаты табылды. Қазіргі кезде өлімнің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады СҚО ҚІД.

Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетсек, бұл – әскери қызметкерлердің бір айдағы төртінші өлімі.

Новости партнеров