Шайн-мускат жүзімі мен Дубай шоколады санитарлық тексерістен өтпей қалды

Департамент бұл өнімдерді жеткізушілерге қайтарып, сатылымнан алып тастауды тапсырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халық жаппай сатып алып, трендке айналдырған шайн-мускат жүзімі мен дубай шоколады санитарлық тексерістен өтпей қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 25 дүкеннен 450-ден астам өнім түрін алып, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестігін зерттеген. Соның нәтижесінде көпшілік күнде тұтынып жүрген 31 азық-түліктің қаптамасы талапқа сай болмай шыққан.

Оның ішінде беларусь сүті, тез дайындалатын кеспе, қытай жүзімі, дубай шоколады бар екен. Департамент бұл өнімдерді жеткізушілерге қайтарып, сатылымнан алып тастауды тапсырған. 

"Таңбалау бойынша Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес болмады. Яғни, оралымның сыртында дайындалған күні, сақталу мерзімі, кімнің дайындағаны, құрамында қандай заттар болғаны сияқты тиісті ақпараттар жоқ болды. Бұл сәйкестіктер бойынша өнімдерді сатып алған сауда орындарына оларды сатпау туралы департамент тиісті қаулы берілді", - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Қарлығаш Әбдішева.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең үздік туристік орынның бірі: Алматыға былтыр 1 млн 700 мың турист келді

Новости партнеров