Қостанай облысында сырғанақ бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

Christopher Burns / Unsplash
Christopher Burns / Unsplash

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында жаңа жылдық сырғанақты бөлшектеп бұзу кезінде жұмысшы биіктен құлап қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, 13 ақпанда биіктігі шамамен 4,5 метр болатын сырғанақ бұзылған. Ағаш құрылымдарды бөлшектеу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап, сол күні түнде аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полициядан.

Оқи отырыңыз: Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Новости партнеров