Кітапта ақын туралы естеліктер топтастырылған
Алматыда «Рафаэль Ниязбек», «Рафаэль әлемі», «Табыс сыры» атты кітаптардың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туындылар ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің шығармашылығына негізделген. Онда өмір мен тұрмыс тақырыбы қозғалып, естеліктері топтастырылған.
«Рафаэль Ниязбек» деп аталатын библиографиялық көрсеткіш екі бөлімнен тұрады. Ұлттық кітапхананың бастамасымен жарық көрген еңбекте ақынның мақалалары мен жазбалары жинақталған. Ал қалған екі кітап жазушының жары Күлжан Мұхамадиеваның ұйытқысымен баспадан шыққан.
"Көзі тірісінде 9 томдығын қосқанда 56 кітап шығарып, халыққа құнды дүниесін беріп кетті. Қазақтың нағыз ұлы, үлгілі ұрпағының бірі болды. Өйткені елі, жері үшін ғана өмір сүрді" - деді Р. Ниязбектің жұбайы Күлжан Мұхамадиева.
"Рафаэль ағамыз туралы қанша әңгіме айтсаң та таусылмайды. Бұл кісінің әр шығармасы жөнінде, әр кітабы туралы небір мақалалар, еңбектер жазылуда. Болашақ ұрпақ оны зерттейтін, талдайтын шығар. Рафаэль ағамыз әдебиеттен лайықты орнын алатынына сенемін" - деді ақын, публицист Жұмаш Кенебай.
Оқи отырыңыз: Есік ота жасау столында жатты: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана ағаш есігі қалай зерттелді