Референдум аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аяқталды

Дайындық кезінде 24 заң бұзу фактісі анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Референдум аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Дайындық кезінде 24 заң бұзу фактісі анықталған. Тіркелген деректер сауалнама жүргізу ережелерінің бұзылуына байланысты екен.

Қазір заңнаманы бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы орталық референдум комиссиясының отырысында айтылды.

Жалпы, 6 қазанда ел бойынша дауыс беруге арналған 10 мың 323 учаске жұмыс істейді. Оның 74-і 59 мемлекеттегі мекемелердің жанынан ашылған.

«Жергілікті деңгейде референдумға қатысушылардың әртүрлі санаты үшін ұқсас семинарлар ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Аумақтық комиссиялардың дерегі бойынша 4000 адамды қамтитын 550-ден астам семинар өткізілді», - деді орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оқи отырыңыз: Ерлан Қарин АЭС салу жөніндегі референдумға дайындықтың қорытындысын айтты

Новости партнеров