Сарыағаш ауданында жоқ адамға жалақы төлеген білім бөлімінің бұрынғы басшылары сотталды

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/
Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

Тергеу материалдарына сәйкес, олар нақты жұмыс істемеген адамдардың атына жалақы аудару арқылы 550 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында жүргізген тексеру нәтижесінде Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында бюджет қаржысын жымқырудың жүйелі фактілері әшкереленді. Бұл іске аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшылары мен бірқатар бухгалтер қатысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарыағаш аудандық соты Б. Майрихов, Н. Усипбеков, Д. Акатов есімді басшылар мен 8 бухгалтерге қатысты үкім шығарды. Тергеу материалдарына сәйкес, олар нақты жұмыс істемеген адамдардың атына жалақы аудару арқылы 550 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырған.

  • Д. Акатов пен Б. Майрихов – 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Н. Усипбеков – 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Қалған 8 бухгалтерге қатысты түрлі жаза түрлері (бас бостандығынан айыру, шектеу және шартты жаза) тағайындалды.

Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ. ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, адам сот үкімі заңды күшіне енбейінше кінәсіз деп есептеледі.

Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктер білім беру ұйымдарының есеп жүйелерін қазынашылық деректерімен автоматты түрде салыстырып, кез келген сәйкессіздікті қосымша тексеруге жібереді. Сонымен қатар:

  • Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жалақыны негізсіз аударуға қатысты камералдық бақылау жүргізеді.
  • Барлық күмәнді төлемдер автоматты түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады

Новости партнеров