Майнинг фирмаларының 400 млн теңге табыс тапқаны анықталды
Елімізде заңсыз криптовалюта өндірген 2 азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар майнинг фирмасын ұйымдастырып, 100 миллион теңге мөлшерінде пайда тапқан. Шымкент қаласының тұрғындарынан құны 370 млн теңге болатын 1000 дана криптовалюта өндіретін құрылғы мен заңсыз биткоин тәркіленген. Олардың біреуі 2 жылға, ал біреуі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Биыл заңсыз ұйымдастырылған майнинг фирмаларының 400 млн теңге табыс тапқаны анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз криптовалюта майнингі елдің экономикасына қауіп төндіретінін айтты. Майнинг фирмалары өте көп мөлшерде электр энергиясын тұтынатындықтан кәсіпкерлер мен тұтынушыларға электр энергиясы жетпей қалуы мүмкін", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды