Шора Сарыбаев-100: байқаудың қорытындысы жарияланды

Ұлттық кітапханада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл тіл маманы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Алматыдағы Ұлттық кітапханада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда ғалымның тілтанымдық мұрасы айтылып, ұлттық құндылықтар мен қазақ диалектологиясы турасында сөз қозғалып, мәселе талданды. Сондай-ақ жиында «Кел, сөз маржанын жинайық» атауымен өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздар қазақтың ауызекі және диалектілік сөйлеу үлгісі бойынша материалдар жинап, тілдегі өзгерістерді анықтауға тырысқан.

Еске салайық, Шора Шамғалиұлының мерейтойын жыл көлемінде атап өту жоспарланып отыр.

 «Биыл Тіл білімі институты Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық конгресс өткізеді. Тіл ғылымының, қазіргі филологияның, түркологияның, диалектологияның іргелі мәселелері қозғалады. Халықаралық деңгейде талқыланады, – деді А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан.

 «Жастармен сөйлесе отырып, қазақ тіл білімінің дамуы жағдайын білуге болады. Сондай-ақ жастардың  қай салаға бейім екенін байқап, екеуін үйлестіреді», – деді А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Мырзаберген Малбақұлы.

Оөи отырыңыз: Кириллицаны екінің бірі түсініп жатқан жоқ: депутат мемлекеттік емес нысандарда тек латын қарпін қолдануды ұсынды

Новости партнеров