Шымкентте үйсіз-күйсіз жүргендердің атына миллиондап несие рәсімдеген топ анықталды

Аталған дерек бойынша 5 күдіктіге алаяқтық бабымен айып тағылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттік алаяқтар панасыздарды қанауға көшкен. Белгілі болғандай, қылмыстық топ үй-күйсіз жүргендердің атына банк шоттарын ашып, несие рәсімдеп келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тексеріс барысында осындай жолмен 23 млн теңгеге жуық кредит алынғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша 5 күдіктіге алаяқтық бабымен айып тағылыпты. Олар қамауда отыр. Қарыз берген коммерциялық ұйымның да үстінен тергеу басталған.  

"Коммерциялық ұйым қызметкерлері 2021 жылы 22 800 000 теңге көлеміндегі алаяқтық фактісін анықтаған, алайда жалған жеке кәсіпкерліктер мен заңды тұлғаларды тексеруге және олардың есепшоттарын бұғаттауға шаралар қолданбаған. Бұл құқықбұзушылықтар қылмыстық топтың алаяқтық жоспарларын жүзеге асыруына және жәбірленушілердің қаражаттарын иемденуіне жол берілген. Қылмыстық іс қала прокуратурасының бақылауына алынды", - деді қалалық прокуратураның 1-басқарма басшысы Жандос Досанов.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында 20-ға жуық киікті атып алған топ ұсталды

Новости партнеров