Шымкентте зейнеткерді ұрып, терезеден лақтырып жіберген

Michael Förtsch/ unsplash.com/
Michael Förtsch/ unsplash.com/

Үйдің ауласынан 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте зейнеткерді ұрып-соғып, үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте 12 наурызға қараған түні Қабанбай батыр көшесіндегі 11-үйдің ауласынан 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол үшінші қабаттағы пәтерде екі танысымен ішімдік ішкен, алайда арты жанжалға ұласқан. Ер адамды ұрып-соғып, терезеден лақтырып жіберген, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Полицейлер екі күдіктіні – 66 жастағы ер адам мен 44 жастағы үйсіз-күйсіз жүрген ер адамды ұстады. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Есікті теуіп, сындырған: Атырауда екі әйел сот мүлкіне зиян келтіргені үшін жазаланды

Новости партнеров