СҚО-да компания басшысы 840 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

«Ол Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.

Айыпталушы сотқа тартылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оқи отырыңыз: БҚО-да полицейлер бостандыққа шыққан педофилді 8 жыл бойы бақылауға алмаған

Новости партнеров