Шымкенттің миллионыншы тұрғыны 7 жасқа толады

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Айсұлу Еламанованың дүниеге келу оқиғасы бөлек әңгіме

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2018 жылы Айсұлу Еламанова Шымкенттің миллионыншы тұрғыны ретінде тарихқа енді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айсұлу бүгінде бірінші сыныпта оқиды. Сабағы жақсы, күнделігі кілең «беске» тола. Сыныпта да қатарластарының алды.

— Оқуға деген ынтасы жоғары. Кішкентай болса да көп ізденеді. Үй тапсырмасын орындап қана қоймай — зерттейді, тәжірибе жасайды, сұрақтар қояды. Әсіресе математикаға қатты қызығады, — дейді сынып жетекшісі.

Оқушының күн тәртібі мұқият жоспарланған. Бос уақыты жоқ. Мектептен кейін бассейнге жүзуге барады, одан соң, би үйімесі мен гимнастикаға қатысады.

— Жақында қызым жүзуден қалалық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Не істесе де, жүрегімен істейді, — дейді анасы Айжан Ахайбекова.

Қаланың миллионыншы тұрғынының дүниеге келу оқиғасы бөлек әңгіме. Анасының айтуынша, босану 16 мамырда табиғи жолмен жоспарланған. Бірақ нәресте дұрыс орналаспағандықтан, кесар тілігін жасау керек болыпты. Дәл осы күн — 17 мамыр — Айсұлудың туған күні және Шымкентке мегаполис мәртебесі берілген күн болды. Сондай-ақ, отбасы үшін де қуанышқа толы күн ретінде есте қалды. Тар пәтерде күнелтіп келген сегіз адам бірден екі бөлмелі кең баспанаға қол жеткізді. Ол кезде Айсұлудың ата-анасы 21-ге толған жас отбасы болатын.

— Білесіз бе, мен Айсұлудың ерекше қыз екенін бірден түсіндім. Оның құлағында кішкентай белгі бар, бұл ерекше балалардың белгісі деп саналады. Оның үстіне оның дүниеге келуі мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының бірінші күніне тұспа-тұс келді. Бірақ шынымды айтсам, тағдыр бізге мұндай сый дайындағанын елестете де алмадым, — деп сол күндерді еске алады Айжан.

Оқи отырыңыз: Наурыз мейрамында Қазақстан оқушылары бір мезгілде күй тартады

Новости партнеров