Сыбайлас жемқорлық: Антикор жиі кездесетін заңсыздықтарды атады

Білім беру саласында бюджет қаржысын жымқыру дерегі көбейген 

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған маңызды жиын өтті. Сала мамандары мен қазынашылық департаментінің өкілдері мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларымен бірге, парақорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістерін бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Олардың айтуынша, жиі кездесетін заңбұзушылықтардың қатарына қаржылық құжаттарды қолдан жасау, оларды бақылаудағы селқостық, кірістер мен қаржыландыруды жоспар бойынша құрмау сынды ереже сақтамау жағдайлары жатады.

Бұған қоса, білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактілері де көбейген екен.

Айта кетейік, мұндай семинарлар енді республика деңгейінде де өтетін болады. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік процестердің ашықтығын көрсетіп, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту.  

«Сыбайлас жемқорлық нормалары мен талаптарын жою мақсатында бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бюджеттік процестердің барлық қатысушысы мен субьектілеріне ескертер жайт, қазынашылық органдары бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықған жағдайда, ондай деректер ішкі мемлекеттік аудит департаментіне беріледі», - деді Қазынашылық департаменті әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Тастанбек Адамбеков.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері қаржы пирамидаларынан 12 млрд теңге өндірілген

Новости партнеров