Алматы облысының Полиция департаменті кикілжіңге қатысқан күдіктілер ұсталғанын хабарлады
Әлеуметтік желіде Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында жанжал болғаны туралы ақпарат тарады. Алматы облысының Полиция департаменті бұл дерек бойынша түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Желідегі мәлімет бойынша, Тұздыбастау ауылындағы «Бастау» кафесінің алдында белгісіз адамдар арасында атыс болған.
Алматы облысының Полиция департаменті кикілжіңге қатысқан күдіктілер ұсталғанын хабарлады.
— Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.
Оқи отырыңыз: Құмар ойынға салынған ер адам 11 айлық баласын сатып жіберді