Таразда жүргізуші куәлігін заңсыз сатумен айналысқан топ сотталды

Жамбыл облыстық прокуратурасы
Жамбыл облыстық прокуратурасы

Олар емтихан тапсырушылардан 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін алып отырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылдың қыркүйегінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдар тобын әшкереледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу ісінен белгілі болғандай, мамандандырылған ХҚКО-ның 2 қызметкері, 1 программист маман, 4 делдал алдын ала сөз байласу арқылы ақша қаражатына Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының 21 тұрғынына заңсыз жүргізуші куәліктерін жасаған.

«Аталған азаматтар бұрын емтихан тапсыра алмай, көлік жүргізу құқығын алмаған. Атап айтқанда, Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкері өзінің сыбайласы болған Алматы қалалық МХҚКО-ның программист-маманы арқылы Түркістан облысының тұрғынын практикалық емтихан тапсырмағанына қарамастан, емтиханнан сәтті өткенін ақпараттық жүйемен растаған», - делінген прокуратура хабарламасында.

Ал ақша қаражаттары емтихан тапсырушылардан 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде түрлі облыстың делдардары арқылы Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкеріне жиналып, араларында өзара бөлінген.

Осы тектес қылмыстық схема 20 азаматқа қатысты боллған.

«2025 жылы 27 ақпанда Тараз қалалық №2 сотымен МХҚКО-да заңсыз жүргізуші куәлігін сатқан адамдар тобына қатысты айыптау үкімі шықты. Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 3,6 жылмен 4,6 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, шартты деп танылды.», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ қылмыстық қудалау органының талабы бойынша жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды.

Оқи отырыңыз: СҚО-да компания басшысы 840 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Новости партнеров