Акцияның көктемгі кезеңіне қатысу үшін 1-11 сәуір аралығында өтінім қабылданады
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жасыл аула» акциясына қатысу үшін қала тұрғындарынан өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жыл сайынғы акция аясында қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін ала алады. Акцияның негізгі мақсаты-жасыл қорды көгалдандыру және сақтау бағдарламасын жалғастыру, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акцияның көктемгі кезеңіне қатысу үшін 1-11 сәуір аралығында өтінім қабылданады.
Қатысу үшін zhasyl_aula_2025@mail.ru электрондық мекенжайға мына деректертерді жіберу қажет:
1. Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері, о көшет отырғызылатын нақты мекенжай;
2. Жоспарланған отырғызу алаңының бірнеше фотосуреті (мамандар орналасқан жерді бағалай алатындай панорамалық фотосурет);
3. Көшеттердің қажетті санын көрсетіңіз.
Акцияға қатысатын қала тұрғындары болашақта көшет отырғызу туралы фоторепортаж ұсынуы қажет.
Акция бойынша қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны басқару басқармасының жасыл қор мониторингі және басқару бөліміне мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 771 894 34 57.
«Жасыл аула» акциясы-Алматының барлық тұрғындары үшін қаланы көгалдандыруға өз үлесін қосып, оны одан да жасыл әрі жайлы етуге бірегей мүмкіндік