«Теңіз» кен орнында күкірттен уланған 2 адамның біреуі ауруханада жатыр

Olga Kononenko/unsplash.com/
Olga Kononenko/unsplash.com/

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында күкірттен уланған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі ауруханада жатыр. Ал екіншісі емдеу орнына жатудан бас тартқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. 

"8 наурызда «Теңіз» кен орнында күкіртті заттардан улану белгілерімен екі азамат медициналық көмекке жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесіне сәйкес бір науқастың жағдайы тұрақты болды. Ол өз еркімен ауруханаға жатудан бас тартты. Сол себептен тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық бақылауға жіберілді. Ал екінші науқас облыстық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. Қазір науқас қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханадағы науқастың жағдайын бақылауда ұстап отыр", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:ІІМ металл сынықтарын контрабандалық жолмен тасымалдау схемаларын анықтады

Новости партнеров