Қазіргі уақытта ұшуға жоспарланған 84 рейстің 6-ы, әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты, кейінге қалдырылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Астана халықаралық әуежайында әуе рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ұшуға жоспарланған 84 рейстің 6-ы, әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты, кейінге қалдырылды.
Ұшып келуге жоспарланған 86 рейстің 8-і дәл осы себеппен кешіктірілді.
Кешігулердің көп бөлігі ұшуға қолайсыз ауа райына байланысты.
"Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перрон мен ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әуеайлақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 23 дана мамандандырылған техника пайдаланылады", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел адам көз жұмды