Қолайсыз ауа райына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырылды

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана — Павлодар және Астана — Щучинск бағыттарындағы тасжолдардың уақытша жабылуы және қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты жолаушылар үшін пойыздарда қосымша орындар қарастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 10 наурызда жолаушыларды келесі станциялардан отырғызу ұйымдастырылады:

Ерейментау станциясынан (Астанаға дейін):

• № 7501 «Павлодар — Астана».

Курорт Бурабай станциясынан (Астанаға дейін):

• № 6830 «Көкшетау — Астана»;

• № 6812 «Курорт Бурабай — Астана».

"Ұлттық тасымалдаушы пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайында тасымалды қатаң бақылауда ұстайды. Барша азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ұзақ қашықтыққа сапарлауды уақытша шектеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетсек ауа райының нашарлауына байланысты Астана халықаралық әуежайында әуе рейстері кешіктіріліп жатыр. 

Оқи отырыңыз: Астанада ауа райына байланысты қанша рейс кешіктіріліп жатыр

 

Новости партнеров