1200-ден астам мемлекеттік үдерістерді қайта қарау нәтижесінде 23 мемлекеттік органда 468 бизнес-үдеріс оңтайландырылды
2024 жылы Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері әзірленді, сараптамалық база қалыптастырылды және түрлі салаларда ауқымды реформалар іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Цифрлық трансформацияның негізгі құралдарының бірі бизнес-процестерді қайта құру болды. 1200-ден астам мемлекеттік үдерістерді қайта қарау нәтижесінде 23 мемлекеттік органда 468 бизнес-үдеріс оңтайландырылды, бұл олардың орындалу мерзімін орта есеппен 45%-ке қысқартуға мүмкіндік берді.
Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 98 процестің реинжинирингі қызмет көрсету мерзімінің 55%-ке қысқаруына әкелді. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде бұл көрсеткіш сәйкесінше 55% және 85%-ды құрады.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік қызмет: цифрлық шешімдердің пайдасы қандай