Ұлттық кітапхана қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығына негізделген кітап көрмесі ұйымдастырылды
Алматыда аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді. Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығына негізделген кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби-музыкалық кеш көптің көңілін сергітіп, ел жадынан өшпейтін естеліктерді еске салды. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, студенттер қатысты.
«Сол заманда, қыспақтың ішінде түнектегі жарық жұлдыздай немесе күннің шуағындай жарқырап шыққан поэзия – Тұманбай ағамыздың өлеңдері. Сондықтан ол кісінің өлеңдері мәңгілік халықпен бірге жасай береді», – деді ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет.
«Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясына қосқан үлесі өте мол және ол мәңгілік деп айтуға болады. Тұмағаң қазақ эстрадалық әндерге зәру кезінде әдемі әнге текст жазды», – деді ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Шаяхмет Алжанбай
Оқи отырыңыз: Көктөбедегі Көрісу күні: Роза Рымбаева және басқа да жұлдыздардың қатысуымен концерт өтеді