Түнгі лирика: Мұратхан Шоқанның шығармашылық кеші өтті

Поэзия мен саз үйлесім тапқан кеште автордың жүрек тербеген әндері шырқалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ашық аспан астында ақын Мұратхан Шоқанның шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрерменге рухани ләззат сыйлаған кеште Қырғызстанда жарық көрген қырғыз тіліндегі «Түнгі лирика» атты кітабының тұсауы кесілді. Поэзия мен саз үйлесім тапқан кеште автордың жүрек тербеген әндері шырқалып, шәкірттері ұстазына арнаған тебіреністі жырларын оқыды.

 «Арбатта жастар келіп, әртүрлі ән айттатын. Алматыда бүгін ауылдың иісі аңқып тұр. Ұлттық рухымыз қанат қағып жатыр. Наурызды тойлап, рухымыз биіктей берсін. Мен ризамын! Кездесу кешімді өткізіп, Қырғызстанда шыққан кітабымның тұсаукесерін жасап, бір марқайып қалдым!» – деді ақын Мұратхан Шоқан.

Оқи отырыңыз: Базарбек Атығай: Бұл – Ұлыстың ұлы күнінде Абай жылы басталғанының белгісі

Новости партнеров