Айыпталушы мен марқұмның кәмелет жасына толған ортақ төрт баласы қалды
Түркістанда 30 жыл отасқан күйеуін қылқындырып өлтірген әйел 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жантүршігерлік оқиға Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 12 сәуірде болған. Ішімдік ішіп келген күйеуі әйелінен арақ сатып алуға ақша тауып беруді талап еткен. Талай жылдан бері тұрмыстық-зорлық зомбылықтан шаршаған келіншек оны киімінің белбеуімен үй ауласында қылқындырып өлтірген. Сот күдіктіні Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп тапты. Ол кінәсін толық мойындап, шын өкінетінін айтқан. Айыпталушы мен марқұмның кәмелет жасына толған ортақ төрт баласы қалды.
"Марқұм отбасында жанжал шығарып, тұрмыстағы зорлық-зомбылық бабы бойынша айыпталып, 2019 жылы "полиция қамқорлығына алынғаны" айтылған. Дегенмен 2023 жылдан бері әйелі қиналғанын айтып, күйеуінің үстінен қандай да бір шағым түсірмеген", – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сәкен Ынтықбайұлы.
Оқи отырыңыз: Жұмыспен қамту бағдарламасында бекітілген көрсеткіштер қағаз жүзінде қалып кетті - Асхат Аймағамбетов