Олардан 15 кг «гашиш» есірткі заты тәркіленді
2025 жылдың ақпанында ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сот санкциясымен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Олардан 15 кг «гашиш» есірткі заты тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кескен еді.
Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді