Сарбаздар сабақтан соң үйренген дағдылары бойынша сынақ тапсырады
Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде жаңа оқу кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алғашқы тәрбиелік сабақты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов жүргізді. Жаңа оқу жылында әскери қызметшілермен өткізілген мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағында елдің экономикалық, саяси және әскери-техникалық дамуымен қатар, бірқатар тақырып сөз болды.
"Әлеуметтік жаңалықтар, құқықтық және тәрбие жөнінде әлемдегі өзгерістер, Ата заңға сай, атқарылып жатқан міндеттеріміз баяндалады", –деді Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің командирі Мақсат Баймағұлов.
"Ақтөбе қаласынан келдім. Жылына 2 рет болатын сабаққа әскери сарбаздардан бастап офицерлер де қатысады. Әскери тәртіпті, білмеген заңдарды үйретеді. Басқа әскери бөлімдерде болып жатқан оқиғалар талдаймыз", – деді Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Мейірлан Дағысов.
Алғашқы тәрбиелік сағаттан кейін алаңда сап түзеген ұландықтарға қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша сабақ өткізілді. Оқытуда қызметтік-жауынгерлік әрекеттердің барлық бағыттары қамтылған. Сарбаздар сабақтан соң үйренген дағдылары бойынша сынақ тапсырады.
"Қаруды қалай қолдану керек? Электрлі токтармен қалай жұмыс істеу керек? Қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек? Оқу кезеңдерінде осы мәлелелер бойынша сабақтар өткізіліп тұрады", – деді штаб бастығының орынбасары, Әскери қызмет қауіпсіздігінің бастығы Кәрімжан Ағыбаев.
Оқи отырыңыз: Апатты үй: Атырау облысында тұрғындарға пәтер кілті тапсырылды