Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында еліміздің ғылыми ұйымдары мен ЖОО-на халықаралық дерекқорларға тегін қолжетімділік қамтамасыз етілді
2024 жылғы білім беру бағдарламаларының нәтижесінде QS World University Rankings 2024 әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне 21 қазақстандық ЖОО кірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
«Университет пәндерін оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында еліміздің ғылыми ұйымдары мен ЖОО-на халықаралық дерекқорларға тегін қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық үш ЖОО базасында жасанды интеллект мектептері жұмыс істейді