Қалдық су жертөлеге жиналады: Петропавлдағы көпқабатты үйдің тұрғындары жаңа үйдің сапасын сынады

Пәтерлерге көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар қоныстанған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Шатырымыздан су өтіп, жертөлеміз толып қалды». Петропавлдағы көпқабатты үйдің тұрғындары осылай деп шағым айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Тұрғандар 10 жыл кезекте тұрып, қолы жеткен баспананың қабырғасы мен төбесі көгеріп, іргетасы сөгіліп жатқаны қынжылады. Пәтерлерге көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар қоныстанған.

"Үйіміз көгеріп, жаңадан алған жиһаздар бүлініп жатыр. Тұрғын үй орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Барлық қалдық су жертөлеге жиналады. Ал ол сасып жатыр, сол иіс пәтерге жетеді", – деді Петропавл қаласының тұрғыны Регина Жамангареева

Ал әкімдік өкілдерінің айтуынша, көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімі бар. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш себеп жоқ. Мердігер қыс түскенше, барлық олқылықтың орнын толтыратынын жеткізді.

"Тұрғындардан арыз түсті, мердігер компания кемшіліктерді жою жұмыстарын бастады. 8 қарашаға дейін қалпына келтіреді, ол – міндеті.  Кепілдік мерзімі де бар", – деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Оқи отырыңыз: Бірнеше көлікке ұрлыққа түскен қарағандылық ұсталды

Новости партнеров