Жамбыл облысында ірі кәсіпорындарға 3 млрд теңге артық салық салынған

8 лауазымды қызметкер тәртіптік жазаға тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында салық органдары 45 ірі кәсіпорынға 3 миллиард теңгеден аса артық салық салған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ең көп қаражат - 1,9 миллиард теңгені "Қазфосфат" компаниясы төлепті. Ал Qazaqgaz 655 млн теңге артық сома өтеген. "Алтын Алмас" кен орны да мемлекет қазынасына 139 млн теңге аударыпты. Аталған соманың бәрі негізсіз, екі есеге артық есептелген. Прокуратура осылай дейді.

Сол үшін 8 лауазымды қызметкер тәртіптік жазаға тартылып та үлгерді. Енді бұл қаржы алдағы салықтан шегерілмек.

Жалпы, аймақта бір жыл ішінде 4 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалған. Ал бұл бағытта заң бұзған әкімдік, салық органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және экология департаменттерінің 44 маманы жауапқа тартылыпты

"Прокурорлар енгізген актілердің негізінде 4 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды. 5 жүйелі проблема шешілді. Экологиялық салынатын салықтың заң бойынша базалық мөлшерлемесі көрсетілген. Бірақ оны әр өңірде екі есеге көтеруге болады. Ал екі есе көтеруге мәслихаттың шешімі негіз болуы керек. Бірақ бізде мәслихаттың шешімі болмаса да екі есе көтеріп салық алынған деректер тіркелді", - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Абай Алтаев.

Оқи отырыңыз: Петропавлда жоғалып кеткен ер адам қала шетінен өлі табылды

Новости партнеров