Зауытқа қажет барлық қондырғылар мен жабдықтарға тапсырыс берілген
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты 2026 жылдың соңында іске қосылуы мүмкін. Қазір құрылыстың бірінші кезеңі қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы баспасөз отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде зауытқа қажет барлық қондырғылар мен жабдықтарға тапсырыс берілген. Оларды келесі жылға дейін елге әкелу көзделіп отыр.
Айта кетейік, өндіріс орны Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтыр іске қосылуы тиіс. Алайда құрылыс 3 жылға кешікті.
«Мен айтқандай бірінші кезең жұмыстары басталды. Осы жылдың аяғына дейін жұмыстараяқталады деп ойлаймыз. Екінші кезең жобалау жұмыстарын бастадық. Мемлекеттік сараптамаға 24 сәуірде құжаттарын тапсырамыз. Шілдеде оң қорытындысын күтеміз. Келесі жылдың аяғына дейін құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталады деп ойлаймын», – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның 11 ескерткішін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланып отыр