Биыл қалада 9-сыныпты шамамен 31 мың оқушы тәмамдайды
Алматыда “Zhas maman-2025” атты мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны қалалық Білім басқармасына қарасты №64 жалпы білім беретін мектеп ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған іс-шараға 53 мемлекеттік және жекеменшік колледждің өкілдері қатысты. Сондай-ақ 9-сынып оқушыларына мұндағы ұйымдастырушылар түрлі мамандықтың қыр-сырын түсіндіріп, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер туралы мәлімет берді. Кәсіби бағдар беру саласының өкілдері де әртүрлі тақырыпта дәріс оқыған.
"Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп аталғандықтан Білім басқармасының жоспарына сай іс-шаралар ұйымдастырдық. 9-сынып оқушылары ата-аналарымен, мектептің мүғалімдерімен бірге келіп, кәсіби профориентаторлардан кеңес алды", – деді Медеу аудандық Білім бөлімінің басшысы Ақнұр Нұралиева.
Биыл қалада 9-сыныпты шамамен 31 мың оқушы тәмамдайды. Солардың 7300-ден астамы жәрмеңкеге арнайы шақыртылды. Қатысушылар арасында №7 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Санжар Бауыржанұлы да бар. Болашақ түлек бұл іс-шара өз мамандығын тереңірек зерттеуге үлкен мүмкіндік бергенін айтты.
"Мен болашақта IT мамандығына түскім келеді. Өйткені ол – сұранысқа ие және дамып жатқан мамандық. Ал жәрмеңкеге келетін болсақ өте жоғарғы деңгейде өтуде. Бұл – таңдауын жасай алмай жүрген оқушыларға мүмкіндік. Сондай-ақ мамандық таңдап, бірақ қай колледжге түсетінің білмесе, сқрағына жауап алды", – деді оқушы Санжан Спан.
Оқи отырыңыз: Түркістандық студенттер ауылға көгілдір отын кіргізіп жатыр