Папиллома вирусы: жасөспірім қыздарға салынатын екпенің маңызы қандай

Елімізде аталған бағдарлама қайта қолға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл сайын екі мыңға жуық қазақстандық әйел жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдығып, оның 600-ге жуығы аурудан көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обыры адам папиллома вирусынан туындайды. Сондықтан мамандар індетке қарсы екпе бағдарламаларын айтарлықтай кеңейту керек дейді. Осылайша, биыл елімізде 11 мен 13 жас аралығындағы жасөспірім қыздарға папиллома вирусына қарсы екпе салу бағдарламасы қайта қолға алынды. Бұл вакцинаны алудың маңызы қандай? Одан қауіп бар ма? Бұл сұрақтарға AlmatyTV арнасының эфирінде Алматы онкология орталығының гинекологиялық онкология бөлімінің меңгерушісі Райхан БОЛАТБЕКОВА жауап берді.  

-  Қазақстан Республикасында қыркүйек айының 2024 жылғы қыркүйек айынан бастап біз жасөспірім қыздарға осындай адам папилома вирусына қарсы екпе енгізу бағдарламасын бастадық. Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігініің мәліметі бойынша, 90 мың жасөспірім қыз Қазақстан Республикасының әр аймағында осы екпені алған. Ал Алматы қаласында 3 500 жасөспірім қыз осы екпені мектептерде алған. 2007 жылдан Австралия және басқа дамыған елдер иммунизация бағдарламасына осы екпе бағдарламасын енгізген. 17 жыл ішінде бұл бағдарлама толығымен зерттелген. Қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл бағдарламаны нәтижелі және қаупі төмен бағдарламаның ішіне кіргізген. Сондықтан ата-аналарға айтарым, осы бағдарламаға қатысып, жасөспірім балаңызды болашақта жатыр мойны ісігінен және басқа қатерлі ісіктен қорғай аласыздар.

- Ал бұл бағдарламаға қатысып, екпе алудан бас тартып жатқан отандастарымыз бар ма? Оған не себеп?

- Иә, бұл екпені салдырмаймыз деген ата-аналар кездесіп қалады. Менің ойымша, дәрігер ретінде, медициналық қызметкер ретінде айтарым, бұл дұрыс ақпараттың жетіспеуінен деп ойлаймын. Менің әр ата-анаға айтатыным, тек дәлелденген, зерттеуден өткен ақпаратты қолданыңыздар және де сондай ақпаратты іздеу керек.

Оқи отырыңыз: Келер жылы Алматы бюджетінің жартысына жуығы қай салаға жұмсалатыны айтылды

Новости партнеров