Жатыр мойны обырының алдын алу: Алматыда 600 жасөспірім вакцина алды

Ертең Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кейінгі төрт айда Алматы мектептерінде 600 жасөспірім папиллома вирусына қарсы екпе алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Райхан Болатбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Барлық егу жұмысы ата-аналардың келісімімен іске асқан. Маман адам папиллома вакцинасы жатыр мойны обырын жиі тудыратын вирус түрлеріне бағытталған дейді. Себебі елімізде бұл диагноз жылына 2000-ға жуық әйелден анықталады.  

"Негізінде жатыр мойны қатерлі ісігі әлеуметтік маңызды аурулардың ішіне кіреді. Өйткені бұл ауру көбінесе жас әйелдерде, 40-44 жастағы әйелдерде жиірек кездеседі. Қазақстан Республикасында 2000-нан астам әйел жатыр мойны қатерлі ісігімен жыл сайын тіркеледі", - деді Алматы онкологиялық орталығы онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Райхан Болатбекова.

Ал ертең Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді. Мұнда келетіндер мамандардан кеңес алып, аурудың алдын алу мүмкіндіктері туралы біле алады. Сондай-ақ жатыр мойны патологиясын ерте анықтау үшін тексеруден өтуіне де болады.  

"Қаңтар айы жатыр мойны қатерлі ісігінен хабардар беру айы болып саналады. Сондықтан бұл айда біз жатыр мойны ісігі туралы және оның алдын алу жолдары туралы ақпараттарды көбірек береміз", - деді Райхан Болатбекова.

Оқи отырыңыз: Жаңа функция енгізіледі: Алматыда бейнебақылау камералары тағы қандай қылмыстарды ашпақ

Новости партнеров