Жауһар жәдігер: Жамбыл Жабаев атындағы музейде ерекше байқау өтті

Сайысқа 14 үздік экскурсия жетекшісі қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін – дүниежүзілік экскурсия жетекшілерінің күні. Осы мерекеге орай Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейінде «Жауһар жәдігер» атты байқау өтті, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Сайысқа Алматы, Жетісу, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан 14 үздік экскурсия жетекшісі қатысты. Олар үш кезең бойынша сынға түсіп, шешендігі, тапқырлығы және экскурсия жүргізудегі шеберлігі бағаланды. Байқау музей қызметінің беделін арттыру және келушілерді тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Ұлттық мәдени мұраны дәріптеуді көздеген іс-шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасады.  

«Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен осы қасиетті ақындар мен батырлар елінде, соның ішінде Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде өткізіп отырмыз. Соған байланысты экскурсовод жетекшілерін деңгейін көтеріп, олардың бір-бірімен әріптестік қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуы мақсатында осы іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз», - деді Музейлер бірлестігінің директоры Талғат Келімбет.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында ауыл әкімдері партаға отырып, сабақ оқи бастады

Новости партнеров