Жер сілкінісі: Президентке Жамбыл облысындағы ахуал баяндалды

Ақорда
Ақорда

Жер сілкінісі салдарынан нысандардың қабырғасы жарылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды"— делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқанын, еске салайық..
Жамбыл облысындағы сезімталдығы туралы мәліметтер: 
Есептік қарқындылығы:
Мерке ауылы 5.0 б.
Кұлан ауылы 4.4 б.
Шу қаласы 2.6 б.
Толе Би ауылы 2.5 б.
Сарыкемер ауылы 2.5 б.
Тараз қаласы 2.4 б.
Қордай ауылы 2.4 б.
Аса ауылы 2.2 б.
Мойынкұм ауылы 2.0 б.

Бұған дейін жер сілкінісі салдарынан нысандардың қабырғасы жарылғанын жазғанбыз.

 

 

Новости партнеров