Жұлдызай: Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар бақ сынады

Almaty.tv
Almaty.tv

Іріктеуден өткен жеңімпаздар Астана қаласында өтетін финалда жүздеседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» фестивалінің қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осымен 20-рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 10 мен 16 жас аралығындағы 300-ден астам бала қатысқан. Олар вокал, хореография, аспаптық орындау, әнді ыммен айту номинациялары бойынша сынға түсті. Іріктеуден өткен жеңімпаздар Астана қаласында өтетін финалда жүздеседі.

Айта кетейін, бүгінде ел бойынша 10 мыңнан астам жасөспірімді қамтып отырған фестиваль ерекше қажеттілігі бар балалардың қоғамға бейімделуіне ықпал етіп келеді.

 «Конкурстың негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың талантын жан-жақты ашу, солардың бойындағы тұлғалық қабілетін, қасиетін жарқыратып көрсету, – деді Білім басқармасы инклюзивті ресурс орталығының басшысы Ағайша Сапарова.

Оқи отырыңыз: Қазақ халқының 1000 әні: Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өтті

 

Новости партнеров